Гастролер ұрылар тобы ұсталды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Олар Астана және Таразда ұрлық жасаған

Астана қаласы мен Жамбыл облысы полицейлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде коммерциялық ұйымдардың кеңселерінен ақша ұрлаған гастролер ұрылардың қылмыстық тобы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау, Алматы және Түркістан облыстарынан келген үш күдікті бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

«Қаскөйлер әр қылмысқа мұқият дайындалып, бейнебақылау камералары мен басқа да техникалық күзет құралдарына қарамай әрекет еткен. Тергеу барысында ұсталғандардың Астана қаласында болған тонауға және Тараз қаласындағы кеңселерден жасалған үш ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Жалпы келтірілген шығын 13 млн теңгеден асады», - деп хабарлады ІІМ.

Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.