Алматы облысында құны 2 миллион теңге тұратын вейп тәркіленді (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының полицейлері құны 2 млн теңгелік вейпті тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

WhatsApp мессенджері арқылы вейптарды заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады.

«Стоп-алаяқ» ЖПІШ өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады. Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған.

«Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады», – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.