28.04.2020, 09:27
Қоғам
Коронавирус бойынша жаңа 143 науқас тіркелді – Біртанов
Бүгінгі таңда елімізде COVID-19 жұқтырған 2860 адам бар
Коронавирус бойынша ең жоғарғы өсім деңгейі Павлодар және Маңғыстау облыстарында тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті.
«Өткен тәулік бойынша 143 жаңа науқас тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласында – 49, Алматыда – 29 адам. Өсім деңгейі 5,3% -ды құрайды. Ең жоғарғы өсім Павлодар облысында 15,8%, яғни жаңа 15 науқас бар, ал Маңғыстау облысында 3 науқас қосылды. Өсім деңгейі 11, 1%. Емделуде 2110 науқас бар. Қайтыс болғандар – 25, қарым-қатынаста болғандардың 98,9 %-ы бақылауға алынған», - деді Елжан Біртанов Үкімет отырысында.
Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар жалпы 2860 адам бар. Алматыда – 876, елордада 547 науқас бар.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
18.07.2026, 07:23
18 шілдеде бірнеше өңірде күн +48 градусқа дейін ысиды
18.07.2026, 15:18
«Air Astana»-ның миллиардтап ақша жымқырған бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім өзгеріссіз қалды
18.07.2026, 08:33
Алматы облысында Mercedes көлігі адамдар отырған ауланы басып өткен: әйел аяғынан айырылды
18.07.2026, 11:15
Алматыда интимдік қызмет көрсететін 430-дан астам пәтер анықталды