$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.04.2020, 21:58
Қоғам

Жәрдемақы, қымбатшылық және жұмыссыздық: Алматы облысының тұрғындарына «Nur Otan» өкіліне проблемасын айтты

Тікелей эфир кезінде партия жетекшілеріне 1,4 мыңға жуық сұрақ келіп түскен

Жәрдемақы, қымбатшылық және жұмыссыздық: Алматы облысының тұрғындарына «Nur Otan» өкіліне проблемасын айтты

«Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев тікелей эфирде жергілікті тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Тікелей эфир Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы жүргізілген. Эфирді барысында партия өкіліне 1359 сұрақ қойылған.

Өзге өңірлердегі секілді Алматы облысының тұрғындарын да 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы мен «Nur Otan» партиясы тарапынан «Birgemiz» акциясы аясында беріліп жатқан 50 мың теңгелік қаржылай қолдау көп алаңдатады екен. Облыс халқы аталған жәрдемақыны әліге дейін ала алмай жатқандарын, барлық критерилерге сәйкес келсе де, тізімге ене алмай отырғанын айтып шағымданды.

Сондай-ақ, Жаркент тұрғындары белсенділік танытып, партия өкілінен араша сұрады. Олардың айтуынша, ауылда азық-түлік бағасы шарықтап кеткен. Ал, өзге елдімекен тұрғындары жұмыссыздыққа, әкімдіктердің call-оралықтарына қатысты шағымдарын жеткізді.

Көтерілген мәселелерді түбегейлі шешу үшін партия өкілі әр тұрғынның мәліметін жеке жазып алып, атқарушы билік өкілдерімен бірге айналысатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары