$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.04.2020, 21:07
Қоғам

СҚО тұрғындары «Birgemiz» акциясын ауылды жерлерде көп өткізуді сұрады

Облыс халқын ТЖ кезінде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік өлемдер көбірек алаңдатады

СҚО тұрғындары «Birgemiz» акциясын ауылды жерлерде көп өткізуді сұрады
ortalyq.kz

Бүгін «Nur Otan» партиясы СҚО бойынша төрағасының бірінші орынбасары Хадиша Оспанова тікелей эфир арқылы жергілікті тұрғындардың сауалына жауап берді.

Тікелей эфир Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы жүргізілген. Эфирді барлығы 1300-ге жуық адам қарап, партия өкіліне 200-ден астам сұрақ қойған.

Эфир барысында белгілі болғаны, СҚО тұрғындарын негізінен мемлекет тарапынан беріліп жатқан 42 000 теңге көлеміндегі жәрдемақы мен «Nur Otan» партиясы тарапынан беріліп жатқан 50 мың теңгелік әлеуметтік қаржылай көмек көбірек қызықтырады екен.

Сонымен қатар, жергілікті халық тарапынан төтенше жағдай кезіндегі карантиннің аяқталу уақыты, аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек, ауылды жерлерде «Birgemiz» акциясының кең таралмауы және коммуналды қызмет төлемдерінен босату сынды сұрақтар көбірек қойылған.

Хадиша Оспанова қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, партия тарапынан қолға алынған «Birgemiz» акциясы әлі де жалғасын табатынын және мұқтаж жандардың әрбірі назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #Nur Otan #Birgemiz