Нұрлан Қоянбаев Түркістанда креативті идеялары үшін ақысыз жұмыс істемек

Темірхан Айжан

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Нұрлан Қоянбаев Түркістанда креативті идеялары үшін ақысыз жұмыс істемек
Фото: Brod.kz

Белгілі продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев өңірдің креативті индустрия саласын дамыту бағыты бойынша әкімге кеңес береді. Түркістан облысы баспасөз орталығының мәлімдеуінше, Қоянбаев жалақысыз қоғамдық жұмыс атқармақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен креативті индустрия саласын дамытуға күш салынып жатыр. Қазіргі таңда «Алатау» медиа орталығы, өндірістік парк және туристік кешендер жұмыс істейді», - деді баспасөз қызметінен.

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген. Үш мамандықты игерген: тарих, қаржы және халықаралық қатынастар бойынша білім алған. Студенттік шағында «КВН» арқылы танымал болып, Қазақтан мен Ресейдің үздік «КВН-шісі» атанған. Кейін телевидение саласында жұмыс істеп, түрлі телешоуларды жүргізді. 2016 жылы «Қазақша бизнес» фильмін түсірді. Қазіргі күні циклды түрде шығарып келеді. 2017 жылы «Қазақша бизнес Америкада» фильмінен кейін оның табысы 500 млн теңгеден асып, Forbes тізіміндегі шоу-бизнес және спорт жұлдыздары қатарынан 4-ші орынды иеленді.

2022 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің креативті директоры болып тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.