Храпунов пен Әблязов БТА мен Алматы әкімдігінен ұрлаған 32 млн долларды қайтаратын болды
Нью-Йорк соты үкім шығарды
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Храпунов пен Әблязов істеріне қатысты тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биылғы 26 маусымда Нью Йорктің оңтүстік округі бойынша аудандық соты 3 апталық сотттың аяқталуынан кейін алқабилер Әділет министрлігнінің Алматы қаласы әкімдігінің мүддесі үшін және БТА банк АҚ бірлестігінің талап қоюы бойынша Ілияс пен Виктор Храпунов, Мұхтар Әблязов, Ф. Сатер сыбайластарына қарсы істі қарады», - дейді Талғат Уәли.
Талғат Уәли атағандай, И. Храпуновқа М. Аблязовтың БТА-дан, В.Храпуновтың әкімдіктен ұрлап әкеткен ақшаны жылыстатуға көмектесу дерегі бойынша 32 млн АҚШ долларынан астам сомаға бірауыздан үкім шығарды.
Бұл сома бір апта ішінде сот тарапынан түзетілуі мүмкін.
Талғат Уәли айтқандай, осы азаматтық сот ісін Әділет министрлігі (Алматы қаласы әкімдігінің мүддесі үшін) және «БТА Банкі» АҚ 2019 жылы негізсіз баю, ақшалай қаражатты заңсыз иемдену және қылмыстық шығу тегі бар ақшаны алу сияқты негіздер бойынша И. Храпуновқа пен М.Аблязовтың жалған компаниясына қарсы басқа Flatotel сот процесі барысында осы факт анықталғаннан кейін бастамашылық жасаған.