Латвия біржынысты серіктестік туралы заң қабылдады
Ел президенті біржынысты Ринкевич барша тұрғынды құттықтады
Латвияда 1 шілдеден бастап азаматтық серіктестік, оның ішінде бір жыныстағы адамдарға некеге тұруға рұқсат беретін Заң күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгіннен бастап Латвияда Нотариат туралы заңға түзетулер күшіне енді. Яғни, жаңа құқықтық институт — серіктестік іске қосылды. Оның аясында барлық ерлі-зайыпты, соның ішінде біржынысты ерлі-зайыптылар болашақта қарым-қатынастарын тіркей алады», - делінген ақпаратта.
Бірінші біржынысты латыш жұбы заң қабылданған соң, түн ортасында бірден «заңдастырылды». Ал біржыныстылар қатарындағы ел президенті Эдгар Ринкевич барлық «қатысушыларды» құттықтады.
Егер адамдар некеде тұрмаса, жұбы тікелей туысы, бауыры не өгей бауыры болмаса, азаматтық серіктестік ретінде тіркеледі.
Айта кетерлігі, енді Латвия – Эстониядан кейінгі посткеңестік кеңістіктегі біржынысты одақтарды заңдастырған екінші ел.