Ақтөбеде көлік салығын төлемегендердің қарызы 369 млн теңгеден асты

Azattyq Rýhy

Борышкерлердің арасында қымбат көлік мініп, 1 миллион теңгеге жуық салығын төлемегендер де бар

Ақтөбеде көлік салығын төлемегендердің қарызы 369 млн теңгеден асты
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде З жарым мыңнан астам тұрғын автокөлік салығын төлемеген. Олардың мемлекетке берешегі бүгінде 369 миллион теңгеден астып жығылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 Кіріс басқармасы мамандары, сот орындаушылар мен полиция рейд ұйымдастырды. Негізінде барлық автокөлік иелері үстіміздегі жылдың 1-сәуіріне дейін мүлік салығын төлеуі тиіс болған. Бірақ оны төлеуге асықпайтындар көп. Түрлі сылтау айтатын көрінеді. Рейд басталғалы үш көлік айып тұрағына қойылды. 

«Себеп әртүрлі әркімде. Қарыздары бар. Неше түрлі сылтаулар айтылады. Айлық түспей жатыр дейді. Халық просто 2023 жылы сатылып кеткен көліктің салығы 2024 жылы наурыздан бастап шығатынынан дұрыс хабары жоқ», - деді қалалық Кірістер басқармасының бас маманы Ерік Сағындықов.

Борышкерлердің арасында қымбат көлік мініп, 1 миллион теңгеге жуық салығын төлемегендер де бар. Жыл басынан бері сот орындаушылар өңдірісінде 8 мыңнан астам атқару құжаты болса, соның басым көпшілігі міндетті төлемді орындамаушылар. Бүгінде олардан 182 миллион теңге өндірілді. 

«Борышкерлердің мүліктеріне біріншіден екінші банктегі есеп шоттарына тыйым салынады. Жеке иеліктеріндегі жылжымайтын мүлкі бар ма, жылжитын жылжымайтын мүліктері тексеріле отырып, арест салынып, тыйым салынып, төлемеген жағдайды торгке шығарылып отырады», - деді облыстық жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы Гүлзира Сермағамбетова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.