Павлодар облысында күйзеліске ұшыраған жүкті әйел өзенге секіргісі келді

Azattyq Rýhy

Қазір ол дәрігерлер бақылауында

Павлодар облысында күйзеліске ұшыраған жүкті әйел өзенге секіргісі келді
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында полицейлер әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

28 маусымда сағат 06:58 шамасында 102 операторының пультіне Усолка өзенінің көпірінде әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келген.

«Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерқанат Құбайдолла мен Жақсылық Мұсабаев дереу жетті. Біз келгенде, қыз күйзеліске ұшыраған, көздері жасқа толы болып, қоршаудың артына көтерілуге үлгерген, осы уақытта біреумен эмоционалды түрде телефонмен сөйлесіп тұрған. Алыстан біз оны сөзге тартып, оған бұлай істеу дұрыс шешім емес екеніне сендірдік, туыстарының қандай жағдайда болатын түсіндіріп көрдік. Содан жанына жақындап, оның қолынан ұстап, көпірдің қауіпсіз жағына қайта көтерілуге көндірдік. Біз үшін онсыз да үмітсіз тұрған қыз баланы қорқытып алмау маңызды болды. Себебі, бір секундтың ішінде орны толмас оқиға орын алуы мүмкін еді», – деді қызмет инспекторы Ерқанат Құбайдолла.

Белгілі болғандай, мұндай әрекеттің себебі - жүкті әйелдің жеке күйзелісі. Полиция оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.