28.06.2024, 15:09
Қоғам
Пәкістанда аптап ыстықтан 600-ден астам адам қаза тапты
Карачи қалалық мәйітханасына бір тәулікте 568 мәйіт түскен
Фото: ВВС
Пәкістанда аптап ыстықтан 600-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Қаладағы ауа температурасы 40°С-тан асып кеткен.
Елдегі ең ірі жедел жәрдем қызметін басқаратын Эдхи қорының басшысы Фейсал Эдхи жедел жәрдем көліктері аптаның басында ыстықтан зардап шеккендердің денелерін мәйітханаларға жеткізге бастағанын айтады.
«Әдетте, Карачи қалалық мәйітханасына күн сайын 30-40 мәйіт түседі. Бірақ соңғы алты күнде олардың саны 568-ге жетті. Тек сейсенбіде 141 адамның денесі жеткізілген. Олардың көпшілігі қаланың әр аудандарынан әкелінген», – деп хабарлады Фейсал Эдхи.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
