$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2024, 11:10
Қоғам

Түрмеден көмек: Жамбыл облысында сотталған әйелдер тіккен киім зардап шеккен өңірлерге жолданады

Сонымен қатар төсек-орындарды да дайындап жатыр

Түрмеден көмек: Жамбыл облысында сотталған әйелдер тіккен киім зардап шеккен өңірлерге жолданады
Фото: gov.kz

Жамбыл облысында сотталған әйелдер тіккен киім-кешек, төсек орындары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жолданады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотталған 10 әйел «Dana del» ЖШС облыстың жетекші тоқыма кәсіпорнының бірінде «тігінші» және «пішуші» курстарында оқиды. Кәсіпорын арнайы киімдер мен төсек-орындарды (матрацтар, жаймалар және т.б.) тігуге тапсырысты бастады.

«Облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдікпен қаражат іздестіріліп, зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін демеушілер жұмылдырылды. Бөлінген қаражатқа пробациялық бақылаудағы сотталғандардың әлеуеті тартылды. Бұл жұмыс сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, оларды қоғамдық еңбекке тарту, жалақы алу, жауапкершілік пен патриотизм сезімін тәрбиелеу процесіне ықпал етеді. Алдағы уақытта облыс әкімдігі шығарған барлық өнім гуманитарлық көмек ретінде зардап шеккен өңірлерге жіберіледі», - деп хабарлады прокуратура.

Серіктес жаңалықтары