«170 адам бақылау жүргізеді»: вице-министр киіктерден егіс алқаптарына нұқсан келгенін айтты

Аягөз Құрмаш

Олар егіс алқаптарынан өзге бағытқа айдалады

«170 адам бақылау жүргізеді»: вице-министр киіктерден егіс алқаптарына нұқсан келгенін айтты
фото: www.istockphoto.com

Экономика және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев киіктердің санын реттеуге қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыл шаруашылығының вице-министрі Аманғали Бердалин киіктерден келген зардап жайлы фермерлер шағымданбағанын айтқан еді.

Экология министрлігі бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

«Қазіргі таңда еліктердің санын ату арқылы реттеу тоқтатылды. 17 мамырдан бастап жедел топтар жұмыс істеп жатыр. 170 адам мен 77 техника еліктердің орын аударуы мен қоныстануын фермерлер, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бақылап жатыр», - деді вице-министр Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Ол атағандай, жедел топ өкілдері киіктерді егіс алаңдарынан өзге бағытқа айдаумен айналысады.

«Еліктер егіс алқаптарына кіріп, зардап тигізетін жағдайлар болған. Нақты қандай фермерлер екенін қазір атап айта алмаймыз. Бізге жеке сауал жіберуге болады», - дейді ол.

Жомарт Әлиев киіктердің санын ату арқылы реттеуге қатысты өз пікірін айтты.

«Киіктер киелі, сол үшін атуды тоқтатты деп те айта алмаймын. Жабайы жануарлардың санын реттеу жасалады. Еліктер санын реттеу осындай нәтижеге алып келді. Олардың саны көбейген жағдайда ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан балансты сақтау керек», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.