Саясат Нұрбек Назарбаев университеті автономиясын жоғалтпағанын айтты

Темірхан Айжан

Ол сонымен бірге жақында университеттің жаңа басшысы сайланатынын айтты

Саясат Нұрбек Назарбаев университеті автономиясын жоғалтпағанын айтты
Фото: nu.edu.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетінің бұрынғы басшысы Шигео Катсудың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұдан бұрын Шигео Катсу университеттің бюджеті қысқарып, автономиясынан айырылса, университет әлеуетінен де айырылады деген болатын.

Бірақ Саясат Нұрбектің айтуынша, ондай ештеңе болған жоқ. Назарбаев университеті де. Мектептері де, Назарбаев қоры да бұрынғыдай заңға бағынады. Ешқайсысы автономиясынан айырылмаған. Қаржыландыру азаймаған. Жыл сайын мемлекет 40-43 млрд теңге шамасында қаржы бөліп отыр.

Ол сонымен бірге жақында университеттің жаңа басшысы тағайындалатынын айтты.

«Таяуда Назарбаев Университетінің жаңа президенті сайланады. Бір жылға жуық ашық конкурс өтті. Өте мықты кандидаттар өтініш тастады. Канада, Британия университеттерінің жетекшілері өтініш берді», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.