Талдықорғанда жекеменшік мектеп аттестат алу кешін 11 млн теңгеге дүркіретіп тойлаған (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Оқушылар қызыл кілеммен жүріп өткен

Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы жекеменшік мектеп оқушыларына аттестат тапсыру үшін 11 млн теңге жұмсағаны жайлы жарияланды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Оқушылары ҰБТ тапсырған соң мектеп әкімшілігі оларды осындай тосынсыймен қуантқысы келген көрінеді.

«Сахнаны безендіру, ұйымдастырудың барлығына 11 млн теңге кеткен. Оқушылар үшін америкалық көңіл-күй сыйлауға тырысқан. Дауыс пен аппаратура, сахнаның өзіне 5,5 млн теңге төленген. Түлектердің мантиясына дейін мектеп алып берген. 15-тен астам видеограф пен мобилограф іс-шараны түсіреді. Түлектер қызыл кілеммен жүріп өтті»,- дейді видеоның авторы.

Мектеп түлектерінің арасында 26 «Алтын белгі» иегері, 27 қызыл аттестат алған оқушылар бар. Мектепті биыл мыңнан астам оқушы тәмамдаған. Видеоның авторы пікір қалдыру қосымшасын өшіріп тастаған. Жалпы биыл елімізде 186 мың түлек мектеппен қоштасып жатыр. 

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға, түлектер мен олардың ата-аналарына мектеппен қоштасу кешін үлкен шығынсыз, той-думансыз тойлау туралы үндеу жасаған еді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.