$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ерекше есімді қыз Қазынасұлтанбегім өз атының тарихын айтып берді

Кейіпкеріміз Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты 

Ерекше есімді қыз Қазынасұлтанбегім өз атының тарихын айтып берді
Фото: Оқырманның жеке мұрағатынан

Қазақстанда өте сирек кездесетін есімдер туралы Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігінің материалынан кейін ерекше атқа ие оқырманымыз желідегі парақшамызға пікір қалдырды. Біз оған хабарласып, елден ерек есімінің мағынасын сұрап білдік.

Шымкенттің тумасы Қазынасұлтанбегім өнер адамы. Ол қаладағы Саз колледжінде хареографиядан студенттерге сабақ береді.

«Сіздердің парақшаларыңыздан өз атымды көргенде таң қалдым. Үнемі есімдер туралы жаңалықтарды қараймын, бірақ өз атымды еш жерден кездестірмейтін едім», - дейді ол.

Кейіпкеріміздің атын анасы Қазына деп қойғысы келген, ал әкесі Рәбия Сұлтан Бегім есімін лайық көріпті. Сонымен ерлі-зайыптылар Қазынасұлтанбегім атына тоқтаған.

«Әмір Темірдің ұрпағы Рәбия Сұлтан Бегім өз кезеңінде ерлермен бірге мемлекеттің ісіне араласқан батыл әйелдердің бірі. Ол өте сұлу, ақылды әрі айлакер адам болған деседі. Ерекше сыйлы, беделді болыпты. Әкем әскери қызметкер болса да, тарихты жақсы білген. Анам екеуі жас кездерінде Түркістандағы тарихи тұлғаның кесенесіне барған. Менің атымды соған ұқсастырып қойыпты», - дейді кейіпкеріміз.

Ата-анасы Рәбия Сұлтан Бегімдей болсын деген тілекпен осындай ат берген. 27 жастағы бишіні өнерге анасы жетелеген.

«Анам аспаз болып жұмыс істеді. Кейін бала тәрбиелеп, үйде отырды. Ғұмырын бізге арнады, оқытты, жеткізді. Анамның жас кезіндегі арманы өнер әлеміне бару болған. Ән-биге жақын болатын. Мені бишілікке алып келген өзі еді», - дейді Қазынасұлтанбегім.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстандағы ең ерекше есімдер туралы жазған едік

Серіктес жаңалықтары