ШҚО-да алимент төлемеген әкелер құмар ойынға өз еріктерімен тыйым салып жатыр

Azattyq Rýhy

Мәселен, Шығыс Қазақстанда 75 лудоман электронды үкімет арқылы шектеу алған

ШҚО-да алимент төлемеген әкелер құмар ойынға өз еріктерімен тыйым салып жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Шығыс Қазақстан облысында 75 ер адам туған балаларына 84 млн теңге көлемінде алимент «қарыз». Бірақ, прокуратура органдары анықтағандай, олар қарызын төлеуге асықпаса да құмар ойындарға 100 млн теңгеден ақша салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, осы 75 адам соңғы 3 жылда казино мен лотореяларға 100 млн теңге салған.

Мәселен, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер А., онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойнына бәс тігіп, ұтылған. Құзырлы органдар бұл адамдармен сөйлесе отырып, оларды өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салдырған.

«Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің  туризм индустриясы Комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды. Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады», - деп хабарлады прокуратура.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.