Ақмола облысында алимент төлеуден жалтарған әке сотталды

Azattyq Rýhy

Үш айдан көп алимент төлеуден қашқандар 2 жылға сотталуы мүмкін

Ақмола облысында алимент төлеуден жалтарған әке сотталды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысы Астрахан ауданында алимент төлемегені үшін 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Р» борышкері 2019 жылдан бастап алимент төлемегені үшін Астрахан аудандық сотының қаулысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 669-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Берешек 5 млн теңгеден астам соманы құрады. Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтыруды жалғастырған», - деп хабарлады прокуратура.

Ал, «Н» борышкеріне ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сотпен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндеттерін 3 айдан астам орындамағаны үшін ҚК 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген.

Алиментті уақтылы және толық төлеу - бұл әр ата-ананың парызы. Бұл міндеттің іске асырылуын прокуратура органдары ерекше бақылауда ұстайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.