$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.04.2020, 01:00
Қоғам

Алматыдағы балабақша тәрбиешілері 30 отбасыға азық-түлік таратты

Бөбекжай ұжымы қаладағы өзге де әріптестерін қайырымдылық жасауға шақырып отыр

Алматыдағы балабақша тәрбиешілері 30 отбасыға азық-түлік таратты

Алатау ауданына қарасты №37 бөбекжай-балабақшасының ұжымы еріктілермен бірге жағдайы төмен отбасыларға көмектесуге шықты. Тәрбиешілер табысынан айрылған және жағдайы нашар 30 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік пен қорғаныш құралдарын таратты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялағаны мәлім. Елімізде Төтенше жағдай туындауына байланысты біздің ұжым қарап жата алмады. Азық-түлік қораптары мен медициналық маска сатып алып, оны мұқтаж отбасыларға тараттық. Еліміздің басына іс түскенде қолымыздан келгенше көмек берейік, әрдайым бірге болайық деп шештік», - деді аталған балабақшаның меңгерушісі Айнұр Әлімбекова.

Жас ұрпақ тәрбиелеп жатқан мамандар Алматыдағы өзге әріптестерін еркітілердің қатарына қосылауға шақырды. Шаһарда барлығы 120 мемлекеттік балабақша бар.

Серіктес жаңалықтары