17.06.2024, 13:28
Қоғам
Елдегі көліктердің жартысына жуығы кемі 20 жыл айдалған
Қазақстанда тіркелген автокөлік саны – 5 442,9 мың
Фото: istockphoto.com
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5442,9 мың болды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ішінде:
- 88% — жеңіл автомобильдер
- 9,9% — жүк автомобильдері
- 2,1% — автобустар
Былтыр автокөлік бойынша 1 191,3 мың тіркеу жүргізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп.
2024 жылғы сәуірде есепке 157,9 мың автокөлік қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% кем.
Оның ішінде жеңіл автомобильдер 8,6%-ға азайды, жүк автомобильдері 2,9% кемісе, автобустар 15,3%-ға артқан.
Қазақстан автопаркінің көліктің шыққан жылы бойынша көрінісі:
- 20 жылдан асқан — 44,8%
- 10-нан 20 жылға дейін — 23,6%
- 7-дан 10 жылға дейін — 12,7%
- 3-тен 7 жылға дейін — 12,7%
- 3 жылға дейін — 6,2%
Көп оқылған
12.07.2026, 06:26
2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы өлі күйінде табылды
12.07.2026, 07:29
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
12.07.2026, 10:02
Синоптиктер үш қала тұрғындарына ауа сапасына байланысты ескерту жасады
12.07.2026, 11:15
Астанадан Дубайға ұшқан ұшақ әуеде кері бұрылып, Қазақстанға қайтарылды
12.07.2026, 10:33
Иран Ормуз бұғазын жапты: АҚШ соққының үшінші толқынын бастады