14.06.2024, 18:09
Қоғам
«Хиджаб» сөзі Құранда жеті рет кездеседі: дінтанушы хиджаб пен никаб жайлы пікірін айтты
Оның айтуынша, никаб сөзі Құранда мүлдем кездеспейді
Фото: freepik.com
Дінтанушы Болатжан Әл-Фараби хиджаб пен никаб жайлы пікірін «OYLA PODCAST»-та айтты. Оның айтуынша, Меккеге кірген кезде әйелдер беттерін көрсетіп, қолғаптарын шешуі керек, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
«Қызығы, мысалы, Меккеге барғанда, қажылыққа, Меккеде никаб тағуға болмайды. Ондай тыйым бар. Демек, Меккеге кірген кезде әйелдер беттерін көрсетіп, қолғаптарын шешу керек. Хиджаб деген сөз Құранда жеті рет кездеседі. Бірақ бірде-бір рет әйел адамның киімі ретінде кездеспейді. Оның мағынасы, шымылдық немесе перде», - деп түсіндірді дінтанушы.
Сұхбаттың толық нұсқасын «OYLA PODCAST»-тан тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Нұрлан имам "Нағыз ислам қандай?" тақырыбында сұхбат берген.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады