Бала асырап алған отбасыларға бақылау күшейеді

Темірхан Айжан

Мәжілісте заң жобасы қаралып жатыр 

Бала асырап алған отбасыларға бақылау күшейеді
Фото: Istockphoto

Елімізде асыранды балалардың құқығын күшейтетін заң қабылданбақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, Мәжілісте «Балалардың құқықтарын қорғау мен білім беруді қамтамасыз ету туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Оның ішіне:

қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын күшейтетін, оларға қосымша функциялар қосу;

патронаттық отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға бақылауды күшейту нормалары кіреді.

«Әр балалы отбасыға, әсіресе қамқорлығына бала алған отбасыларға барып, баланың жағдайын тексеріп тұратын қызметкер керек. Мәселені осылай шешу керек», - деді Юлия Овечкина.

Сонымен бірге, министрліктің қызметкері шымкенттік Ұлықбек Смановтың оқиғасына қатысты пікірін білдіріп, қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Еске салайық, 6 баланы асырап алып оларға мысықтың еті мен зәрін берген шымкенттік емші Ұлықбек Сманов таяуда ұсталған. Оның балаларды қалай, қайдан асырап алғаны туралы деректер анықталды. Сманов қамқорлығына алған балалардың ең үлкені 16 жаста болса, кішісі 4 жаста. Жауыздықтан жапа шеккен ересек екі бала бейімделу орталығына, тағы төртеуі балалар үйіне бағытталған. Ер адамның өзі «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғардың психикалық ауруханасында жатыр. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды. 18 маусымда сот жабық түрде өтпек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.