12.06.2024, 06:39
Қоғам
Шымкентте асырап алған 6 баласына қатыгездік танытқан емшінің ісін қарайтын судья анықталды
Алғашқы отырыс 18 маусымға белгіленген
Бейнеден кадр
Шымкентте асырап алған 6 баласына қатыгездік танытты деп айыпталған жергілікті емшінің қылмыстық ісін қарайтын судья белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Емшінің қылмыстық ісін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Болат Қарабаев қарайтын болды.
Қалалық соттың мәліметінше, алғашқы отырыс 18 маусымға белгіленген. Сот процесі жабық өтеді.
Бұған дейін Шымкентте жергілікті емшінің 6 баланы қамқорлыққа алып, оларға ит пен мысықтың етін бергенін, мал бақтырып, үш жылдан бері азаптап келгенін хабарлаған болатынбыз.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды