Лагерьлердің санитарлық жағдайы тұрақты – Айжан Есмағамбетова

Azattyq Rýhy

Биыл лагерьге 1,7 млн аса бала барады

Лагерьлердің санитарлық жағдайы тұрақты – Айжан Есмағамбетова
Фото: kstnews.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Оған мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жазғы лагерлердің жұмысы туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан баяндама жасады. Демалыс маусымы басталғалы бері елімізде түрлі формадағы 10 208 лагерьде 1,7 млн-нан аса бала қамтылып отыр.

Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп отыр. Оқушыларды сауықтыру лагерьлеріне жібермес бұрын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жіті тексеру жүргізген. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова лагерьлердің санитарлық жағдайы тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша өңірлерде тақырыптық жоспарлар құрылған. Оның аясында лагерьлердегі бағдарламалардан бөлек, танымдық шаралар да қарастырылған болатын. Осы ретте балаларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік мәселесі туындайды. Осыған байланысты ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұған қатысты ақпаратты полиция бөлімдеріне алдын ала хабарлау қажеттігін еске салды. Мұндай жағдайда патрульдік машиналар бірге шығып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», – делінген хабарламада.

Кеңесте Үкімет басшысының орынбасары балалардың жазғы демалысы үнемі бақылауда болып, демалысты мейілінше пайдалы өткізу үшін оқушыларға барлық жағдай жасалу керектігін қадап айтты. Ол жұмысты үйлестіруді Оқу-ағарту министрлігіне тапсырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.