Қазақстанда судьялардың минимум 700 мың теңге табатыны рас па
Депутаттар жауап берді
Парламент депутаттары Қазақстандағы судьялардың жалақысы туралы айтты. Олар Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысының аясында өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сенатор Нұрлан Бекназаров еліміздегі аудандық судьялардың ең төменгі жалақысы 700-ден 800 мың теңгеге дейін екенін айтты.
«Аудандық судьялар шамамен 700-800 мың теңгеден бастап айлық алады. Еңбек өтілі ескеріледі, заңнамаға сәйкес қосымша ақылар қосылады», - деді Бекназаров.
Ал Абзал Құспан судьялар бұдан екі есе аз айлық алатынын айтты. Депутат сонымен қатар судьялардың жалақысына және олардың жұмысының күрделілігіне әсер ететін факторларды атап өтті.
«Аудандық деңгейде жұмысын енді бастаған судьялар айлығы 300 мыңға жетпейді, егер қателеспесем. Бірақ жалақы жалғыз фактор емес. Жұмыстың ауырлығы, жауапкершілігі бар, олар тұрғын үймен қамтамасыз етілмейді», - деп түсіндірді депутат.