«Сыртқы күштер мен агенттер бар»: Ерлан Саиров ЛГБТ-ны насихаттауға қатысты петиция жайлы айтты
Ол бұл мәселеге қатысты петицияның жариялануы халықты алаңдатып отырғанының белгісі екенін айтты
Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров еліміздегі ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы жарияланған петиция жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Петиция – мемлекет пен үкіметтің шешімдеріне тікелей әсер етуге бағытталған жаңа форма. Егер ондай петиция болып, адамдар дауыс берсе, халықтың бір бөлігін ол алаңдатады деген сөз. Адамдарда қандай да бір қорқыныш бар. Біз әлемдік жаһандану кезінде өмір сүріп жатырмыз. Біз кейбір адамның дәстүрлі құндылықтарымызды сақтап қалуға тырысатынын түсінуіміз керек. Біз петицияға қарсы да бола алмаймыз, қолдай да алмаймыз», - деді Саиров Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында.
Депутаттың айтуынша, петиция жарияланып, 50 мың қол жиналса, халықтың бір бөлігін ол қатты толғандырады деген сөз.
«Олардың жанайқайын тыңдау керек. Меніңше, қазақстандықтардың жүріп-тұру тұрпайылығына әсер ететін сыртқы ақпараттық күштер мен агенттер бар», - дейді ол.
Еске салсақ, «Қазақстандық ата-аналар одағының» басшысы Бағила Балтабаева ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялады. Екі апта ішінде құжатқа 50 мың адам қол қойды. Енді Мәдениет және ақпарат министрлігі петицияны қарайды.