$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2024, 12:21
Қоғам

Қарағандыда іс жүзінде жоқ адамдарға амбулаториялық көмек көрсетіліп, 7 млн теңге жымқырылған

Бұл заң бұзу фактісі бойынша 5 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Қарағандыда іс жүзінде жоқ адамдарға амбулаториялық көмек көрсетіліп, 7 млн теңге жымқырылған
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында іс жүзінде жоқ адамдарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсетіліп келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бюджеттен бұл үшін 7 миллион теңгеден астам сома жұмсалған.

«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен, алайда оларға азаматтардың жан басына шаққандағы кешенді стандарты бойынша қаржыландыруды есептеу жалғастырылған 87 адам анықталды. Бұл заң бұзушылық бюджет қаражатын заңсыз пайдалануға жол берген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аудандық аурухана мемлекеттік бюджетке 7 млн теңгеден астам соманы қайтарды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Үш лауазымды тұлға тәртіптік, екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары