11.06.2024, 15:35
Қоғам
Малавиде аза тұту күні: вице-президент мінген ұшақ орманға құлаған
Апаттан аман қалғандар жоқ
Фото: AFP 2024/Amos Gumulira
Малави вице-президенті Саулос Чилима мен тағы тоғыз адам мінген ұшақ Чикангава орманына құлады. Ұшақ апатынан аман қалғандар жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Малави үкіметі ұшақтың Лилонгведен көтеріліп, Мзузу әуежайына қонуы тиіс екенін, алайда, орманға құлағанын жазды. Бортта Малави вице-президенті 51 жастағы Саулос Чилима мен тоғыз серігі болған. Вице-президент Малавидің бұрынғы Әділет министрінің жерлеу рәсіміне қатысу үшін бара жатқан.
«Призидент Лазарус Чаквера ұлттық аза тұту күнін жариялап, жалауларды түсіруді бұйырды», – деп хабарлайды ел үкіметі.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)