Мемлекеттік сатып алу: Жетісуда 11 млрд теңгеге заңсыз конкурс ұйымдастырылған

Azattyq Rýhy

Бұл үшін 100-ден астам лауазымды тұлға айыпты деп танылды

Мемлекеттік сатып алу: Жетісуда 11 млрд теңгеге заңсыз конкурс ұйымдастырылған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Жетісу прокурорлары мемлекеттік сатып алу кезінде 3 млрд теңгеден астам сомадағы заң бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Прокурорлар Алакөл аудандық білім бөлімінің дизель отынын сатып алуға адал бәсекелестік қағидатын бұзуына байланысты мемлекеттік сатып алудың күшін жойды. Тапсырыс берушімен техникалық спецификацияда сатып алынатын дизельдік отынның 2018 жылдан бастап елге әкелуге тыйым салынған К2 нормасына (жанармайдың экологиялық класы) сәйкес келу қажеттілігі туралы негізсіз көрсетілген», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар басқа өңірлерде де (Кербұлақ, Көксу, Сарқан, Ақсу, Қаратал, Панфилов аудандары) 2,3 млрд теңгеге ұқсас конкурстар кезінде әр түрлі заң бұзушылықтар анықталған.

Қадағалау актісі бойынша конкурстар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары 11 миллиард теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша заңсыз конкурстардың күшін жойып, 100-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.