$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2024, 15:35
Қоғам

Маңғыстауда 13 әкенің қарызы 73 млн теңгеге жеткен – прокуратура

Олар өз кірістерін жасырған

Маңғыстауда 13 әкенің қарызы 73 млн теңгеге жеткен – прокуратура
Фото: istockphoto.com

Маңғыстауда алимент бойынша 13 борышкер ортақ сомасы 73,3 млн теңге болатын кірістелген қаражатты жасырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атап айтқанда, алимент бойынша борышкер «А» 2023-2024 ж.ж. букмекерлік кеңсенің өзінің жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған. Атқарушылық құжат бойынша 2,5 млн теңге берешегі бола тұра, сырт көзге өз міндетін орындап жатқанын көрсету мақсатында борышкер «А» 85 мың теңге жалақыға жұмысқа формальді орналасқан. Аталған факт бойынша прокуратурамен ҚР ҚК-нің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) тергеп-тексеру басталды», - делінген ақпаратта.

Жыл басынан прокурорлардың бастамасымен 21 борышкерге қатысты тергеп-тексеру басталды, 13 іс бойынша сот үкімі шықты, қалғандары тергелуде.

Серіктес жаңалықтары