«Қаладан қашып кетуге мәжбүр болдым»: Күйеуінен зәбір көрген келіншек прокуратурадан көмек сұрайды

Azattyq Rýhy

Материал 10 тәулікке қамауға алу туралы ұйғарыммен сот органына жөнелтілді

«Қаладан қашып кетуге мәжбүр болдым»: Күйеуінен зәбір көрген келіншек прокуратурадан көмек сұрайды
Бейнеден кадр

Ақтаулық келіншек күйеуінен зәбір көріп жүргенін айтып, прокуратурадан көмек сұрады. Күйеуінің соққысынан әзер қашып құтылған келіншектің бейнеүндеуін «НеМолчи» қорының президенті Дина Таңсәрі өз Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арайлымның айтуынша, бұл істе құқық қорғау органдары әрекетсіздік танытып отыр. Ол күйеуінің үстінен сотта ешқандай іс қозғалмағаны туралы ресми ақпарат алғанына наразы.

 «Менің үстімнен қылмыстық іс қозғалды, онда күйеуім маған ақша жымқырды деген негізсіз айып тағып отыр. Маған Астанада куәлік етуге рұқсат бере тұрып, сол уақытта полиция бөлімінің аға тергеушісінен мені Ақтауға әкелу туралы қаулы аламын», - дейді Арайлым.

Ақтаулық келіншек күйеуі оны тамыр-таныс арқылы бала-шағасына, ақшаға қатысты бірнеше рет қорқытып-үркіткенін де атап өтті.

«Қорғау нұсқамасын тауып бере алмаған учаскелік инспектор Абзал Қырғабақовтың үстінен қызметтік тергеу бастауды сұраймын. Ақтау қалалық ІІБ аға тергеушісінің мені қалаға мәжбүрлеп әкелу туралы қаулысының күшін жоюды талап етемін. Себебі, кәмелетке толмаған балаларым бар және оларды өзім асырап, бағып-қағып отырғандықтан, мен оларды жалғыз қалдыра алмаймын. Маған тұрғылықты жерім бойынша куәлік беруге рұқсат берілсін. Мен соңғы жағдайлардан кейін құқық қорғау қызметкерлеріне сенбеймін. Бір ай бойы барлық бөлім басшылары мен полиция бөлімшелерінен көмек сұрап, маған жәрдемдесуін, қорғауын сұрадым. Аттарын жіпке тізіп бере аламын. Менде олардың осы оқиғаға қатысы барын дәлелдейтін нақты дәлелдер бар. Олар мені барынша райымнан қайтуға сендіргісі келді. Солардың кесірінен қаладан кетуге мәжбүр болдым», - дейді Арайлым.

Әйел Маңғыстау облысының прокуратурасына істі жеке бақылауға алып, өзінің және балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық тиімді шараларды тез арада қабылдауын сұрап, арызданған.

Үш баланың анасы Арайлым күйеуінің қоқан-лоққысы мен қудалауынан кейін Ақтау қаласынан қашып кетуге мәжбүр болған. Жәбірленушінің айтуынша, күйеуі оны әлі де аңдып, көлігінің терезесін сындырған.

Ақтау қаласының Полиция департаменті ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлім етті. Оған сондай-ақ қорғау тәртібін бұзғаны үшін қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Материал 10 тәулікке қамауға алу туралы ұйғарыммен сот органына жөнелтілді. Алайда жәбірленушінің күйеуі тағылған айыптарға келіспейтінін айтып отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.