09.06.2024, 21:53
Қоғам
Маңғыстау облысындағы жол апаты: оқушылардың бірінің жағдайы ауыр
Жол апатынан екі оқушы қайтыс болған еді
Фото: Instagram/911.aktau
Кеше Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында төрт оқушы мінген көлік бетон бағанаға соғылып, екі жасөспірім қайтыс болған еді. Аман қалған оқушылардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бір оқушының жағдайы ауыр. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің бақылауында. Тағы бір оқушыға медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілді», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
20.09.2026, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды