$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Киберқылмыс: жыл басталғалы 3 мыңнан астам сайт бұғатталған

«WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» желілерінде алаяқтыққа қатысты 200 чат ашылған

Киберқылмыс: жыл басталғалы 3 мыңнан астам сайт бұғатталған
Фото: Istockphoto

Биыл «Кибернадзор» 3 мыңнан астам заңсыз ақпаратқа қол жеткізетін сілтемелерді бұғаттаған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды. Олар бойынша «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» - да 200 чат ашылған, бүгінде олардың 182-сі жабылды. Бұл шара 126 мың азаматты алданып қалудан сақтады», - делінген хабарламада.

Агенттіктің Төрағасы Дмитрий Малаховтың сөзінше, ҚМА 2021 жылдан бастап қаржы пирамидаларының өмірлік циклін және олардың салымшыларының санын қысқартуға бағытталған арнайы жоба жұмыс істейді.

«Бүгінгі таңда Агенттік интернетте заңсыз мазмұнды контентті іздеуді және бұғаттауды автоматтандырды. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық сайттар мен қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттар бұғатталған. Бұдан басқа, атаулы жұмысты жүргізу үшін әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық схемаларға тартылған салымшыларды ерте анықтау жүйесі жолға қойылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда 126 мың жазылушы алаяқтық схемаларды жарнамалайтын аккаунттардан бас тартты», - деді ол Елордада өткен «АФМ online» онлайн конференциясында.

Серіктес жаңалықтары