Түркістан облысында бухгалтерлер 2,8 млрд теңгені бюджет ақшасынан ұрлаған
Бұл фактіге байланысты тергеу амалдары басталды
Түркістан облысында бухгалтерлер 2,8 млрд теңге бюджет ақшасын жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс прокуратурасы білім беру мекемелерін тексерістен өткізді. Көптеген заң талаптарын бұзу фактілерін анықтады. Мәселен, Жетісай ауданында білім бөлімінің бухгалтерлері 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған.
«Осы факті бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілуде», - деп хабарлады прокуратура.
Прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде осы күнге дейін мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды.
Тексеріс жүргізу жалғасып жатыр.