$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2019, 15:45
Қоғам

Қазақстан дәрігерлері жаңа туған 277 нәрестенің өлімін жасырған

Атырау облысындағы дәрігерлер ісінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша бала өліміне қатысты аудит жүргізіп жатыр

Қазақстан дәрігерлері жаңа туған 277 нәрестенің өлімін жасырған

Бүгінгі күнге дейінгі дерек бойынша, аудит дәрігерлер жасырған 277 бала өлімін анықтады. Бұл туралы бүгін Сенатта денсаулық сақтау саласындағы мақсаттар мен Парламент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндаған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті.

 Біртановтың баяндамасына сенсек, Атыраудағы нәресте өлімінен кейін ел бойынша  «өлген нәрестелердің  шыны препараттарынан алынған объективті деректер мен медициналық карталардың аудиті» басталған.

«Талдау нәтижесінде біз материалдарды ұсынбаған Маңғыстау облысынан басқа, есепке алынбаған ерте неонаталдық өлім-жітімнің 277 нәресте өлімін жасырып қалу фактілерін анықтадық», - дейді Елжан Біртанов.

Осылайша, 2018 жылғы нәресте өлімі ресми статистикадан әлдеқайда көп екені анықталған.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары