21.10.2019, 11:33
Қоғам
Қалада тіркелген отбасылардың жартысы ажырасады, ауылда үштен бірі
2018 жылы Қазақстанда 141 797 неке тіркелсе, 54 мың 626 отбасы ажырасқан
Оның ішінде қалада 96 865 неке тіркелсе, ауылда бұл көрсеткіш екі есе аз. Есесіне, қалада құрылған отбасылардың тең жартысы ажырасып кетеді. Бұл уақытта ауылда көтерілген шаңырақтың үштен бірі шайқалған.
Соңғы 18 жыл ішінде тіркелген неке саны жыл сайын бір қалыпты өсіп отырған. 2000 жылдардың басында өсім жылына 10 мыңды көрсетсе, бертін келе 2010 жылдары жылына 5 мың жұп оттасқан. Ең көп тіркелген неке саны елде 2014 жылы болды. Ол жылы 168 мың отбасы құрылған. Одан кейінгі жылдары 20 мыңға бірден кеміген. Ал былтыр ел бойынша ең көп ажырасу көрсеткіші тіркелді. 
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты