$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2019, 11:24
Қоғам

Қарағандыда 3 қабатты коттеджде тұратын отбасы әлеуметтік көмек алып келген

Олар ай сайын 106 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алып отырған

Қарағандыда 3 қабатты коттеджде тұратын отбасы әлеуметтік көмек алып келген
Көрнекі фото

Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмекті беру 92 отбасыға уақытша тоқтатылса, 890 отбасыға мүлдем берілмейтін болды, деп хабарлады Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жағдайы төмен отбасылар алатын әлеуметтік көмекті 3 қабатты коттеджде тұратын көпбалалы отбасы да алыпты.

«Қарағандыда тұратын сегіз баланы тәрбиелеп отырған отбасы 2019 жылдың мамыр айында әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген. Оларға ай сайын төленетін 105 843 теңге, жалпы сомасы 2 339 688 теңге жәрдемақы тағайындалған. Әлеуметтік көмектің заңды тағайындалғанын тексеру барысында біздің басқарманың мамандары аталған отбасының 3 қабатты зәулім үйде тұратынын анықтады. Сондай-ақ, бұл отбасының өзіне тиесілі көлігі де бар, яғни молшылықта өмір сүріп отыр. Оларға әлеуметтік көмек беру тоқтатылды», - деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекова.

Оның айтуынша, Қарағанды облысының кейбір тұрғындары әлеуметтік көмекті заңсыз жолмен алу үшін тұрғылықты және тіркелген мекен жайларын жасырған. Мамандар олардың үйлерін тексеру барысында көбісінің екі қабатты үйі және автокөліктері барын анықтаған.

Серіктес жаңалықтары