$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2019, 00:22
Қоғам

2025 жылы Қазақстанда жұмыссыздық артады

Жыл сайын еліміздің еңбек нарығы университет пен колледж бітірген 200 мың маманмен толығады

2025 жылы Қазақстанда жұмыссыздық артады
Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы 1,6 млн жаңа жұмыс орны ашылып, қазіргі жұмыс орындарының 1,4 млн-ы қысқаратынын мәлімдеді, деп жазады LS.

«Министрліктің хабарлауынша, бұған бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, 2025 жылға дейін экономикалық өсім жылдамдығы жылына 4,5-5% болады. Екіншіден, халық саны 1,4 млн адамға артады. Үшіншіден, 2025 жылға дейін еңбек өнімділігінің деңгейі 1,5 есе өседі. Осылайша жұмыс орындары 214 мыңға артып, 8,9 млн-ға жетеді», - деп жазады басылым.

Мамандардың айтуынша, 2025 жылға қарай жұмыс күші 9,8 млн адамға жетеді. Яғни, еңбек ресурстарының өсуі жұмыс орындарының ашылу жылдамдығынан асып түседі. Бұған еңбек нарығына шығып жатқан университет пен колледж түлектерінің әсері мол.
 

Серіктес жаңалықтары