«134 млн теңге жымқырған»: Алматы облысында білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды

Azattyq Rýhy

Сот үкімімен барлық сегіз сотталушы кінәлі деп танылды

«134 млн теңге жымқырған»: Алматы облысында білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын жымқырған білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Іле аудандық сотына сілтеме жасап.

Алматы облысы Іле аудандық соты сегіз айыпталушыға қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша қылмыстық істі қарады, олардың алтауы білім басқармасының лауазымды тұлғалары.

«2022 жылдың желтоқсан айында сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы балабақшаларды тіркеу туралы жалған құжаттар ұсынып, кейін қағидалардың талаптарына сәйкес деп танып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізген. Осылайша Іле аудандық білім бөліміне 134 млн теңгеден астам залал келтірген»,- деп хабарлады соттан.

Сот жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда: шын ниетпен өкінуі, келтірілген залалды ерікті түрде өтеуі, сондай-ақ екі сотталушыда жас балаларының болуын ескерді.

«Сот үкімімен барлық сегіз сотталушы кінәлі деп танылды. Екі айыпталушыға – 5 жыл 6 ай мерзім, төрт сотталушыға – 5 жыл және екі сотталушыға – 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 74-бабына сәйкес екі сотталушы жазасы балалары 14 жасқа толғаннан кейін өтейді»,- делінген аудандық соттың хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.