Түркістан облысында жеңгетайлықпен айналысты деген топ құрықталды
Тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр
Түркістан облысы Шардара ауданында жеңгетайлықпен айналысты деген топ құрықталды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті азаматтар тұрғын үйлердің бірін адам тәнін саудалауға арналған притонға айналдырған. Жедел-іздестіру шарасы барысында 6 күдікті азамат құрықталып, қамауға алынды.
«Полицейлер Шардара қаласындағы іс-шаралар барысында, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру фактісін анықтады. Жедел уәкілдер притонның 2 әкімшісін, Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Сондай-ақ, ақшалай қаражат пен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр», - деді Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков.