23.05.2024, 13:46
Қоғам
Әскерден келгендердің несиесін төлеу мерзімі 2 айға ұзартылды
Олжас Қизатовтың сөзінше, қаржы ұйымдары бұл өзгерісті қолдайды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Әскерден келген сарбаздарға несиесін төлеу мерзімін кейінге қалдыру тағы 60 күнге ұзарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың сөзінше, бұл өзгеріске қаржы ұйымдары қарсы болып отырған жоқ. Бұл әскери қызметкерлердің тұтынушылық құқығын қорғауға бағытталған шара.
Еске салсақ, қазір әскерге барғандар бір жыл бойы несиесін төлеуден босатылған, енді жаңа заң бойынша әскерден оралғаннан кейін оларға жұмысқа орналасу үшін тағы екі ай беріледі.
Екі ай өткен соң, несиелерін төлей бастайды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
