Банкроттық туралы заңға өзгерістер енеді

Темірхан Айжан

Бүгінгі таңда 12 мың адам банкрот болып танылған

Банкроттық туралы заңға өзгерістер енеді
Фото: скриншот

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтардың банкроттығы туралы заңның 24 бабына өзгерістер енетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның сөзінше, заң баптарын өзгерту кезінде былтырғы проблемалар ескерілген.

«Кейбір құжаттарды алып тастау көзделген. Енді тек қана арыз береді, тексеру жұмыстарын өзіміз жүргіземіз. Банктік реттеу қағаздары керек емес. Сыртқа шығуға байланысты мәселелерді қайта қарадық. Процестерді автоматтандыру бойынша 24 бапқа өзгеріс енгізіліп жатыр. Депутаттар қолдап отыр. Заң қабылданған соң, екінші жартыжылдықтан кейін іске асатын болады», - деді ол.

Қаржы вице-министрі айтқандай, бүгінгі таңда 12 мың адам банкрот болып танылған. 27 млрд теңге сомасындағы қарыз кешірілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.