22.05.2024, 21:51
Қоғам
Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді
Алаяқтар жеке кабинетке қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады
Фото: istockphoto.com
Соңғы уақытта қаскөйлер өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалуда немесе хабарлама жазуда6 деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Сізге диспансерлеу, флюорографиядан өту ұсынылады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды. Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады. Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар», -делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары, әсіресе, егде жастағы адамдарды сақ болуға шақырады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды