«Әнші де, биші де емес»: Мәдениет саласының үздігі атанған Аиша сынның астында қалды

Azattyq Rýhy

Оқырмандардың пікірі екіге бөлінді

«Әнші де, биші де емес»: Мәдениет саласының үздігі атанған Аиша сынның астында қалды
Видеодан алынған кадр

Халыққа «Бүркіт» лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейітовтің жұбайы Аиша Мәдениет саласының үздігі атанды. Сүйінші хабарды Бүркіттің өзі жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сүйінші!!!! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” (төс белгі) марапатына ие болды! Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңіз үшін үлкен рахмет! Менің қуанышымда шек жоқ», - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Алайда өнер иесінің оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Видеоның астына бірі даттап, бірі жақтап пікір қалдырды.

«Айбек ренжіме бірақ тек қасыңда жүріп билеп әнге қосылғаны болмаса, әнші де биші де емес қой жалпы. Одан да Қаракесекке беру керек еді.

Біреудің қуанышы үшін, неге іш тарлық жасайсыздар сұмдық ай, әншінің өз еңбегі, құттықтай салу қиынба, әйтеуір ештері күйіп отырады. Аман болсын қазағымның қыздары мен жігіттері ақ жол!

Сахнада шынайы еңбек тер төгіп журген әртістердің ала алмай жүргені өкінішті.....

Аиша алса жарасады деп ойлаймын! Өнегелі келін, керемет ана және қарапайым жар.

Мәдениет саласына қандай үздік нәрсе жасапты? сенің қасыңда өлең айтқаны үшін бе, қызық екен.

Құтты болсын! Лайықты марапат! Мәдениет саласын отбасымен, үйдің шаруасымен қатар алып жүру әйел адам үшін оңай емес... Көзге көрінбейтін қаншама еңбектің арқасы! Жарайсыздар! Қуаныштарыңыз ұзағынан болғай», - деп жазды оқырмандары.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.