Белгісіз біреулер энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлерін бұзды

Енді ол нөмірлерден әртүрлі хабарламалар келуі мүмкін

Белгісіз біреулер энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлерін бұзды
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанның энергетика министрлігінің басшылығының мессенджерлері шабуылға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі басшылықтың мессенджерлері бұзылғанын ескертіп, одан келетін хабарламаларға сенбеуді сұрады.

“Белгісіз тұлғалар ҚР Энергетика министрлігі басшылығының месенджерлерін бұзды. Осыған байланысты, бұзылған нөмір аккаунттары арқылы әртүрлі зиянды сілтемелер, дұрыс емес ақпараттар мен  өтініштер келуі мүмкін. Мұндай хабарламаларға сенбеулеріңізді және оларды ескермеулеріңізді сұраймыз. Мессенджерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр”,- деп мәлімдеді энергетика министрлігінің өкілі Шыңғыс Ильясов.

Нақты қай лауазымды тұлғалардың нөмірлері бұзылғаны белгісіз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.