$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстаннан Лондонға қара жұмыс істеуге барған ерлі-зайыптылар кісі өлтірді деген күдікке ілінген – Смадияров

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оларға қажетті заңды көмек көрсетуге дайын 

Қазақстаннан Лондонға қара жұмыс істеуге барған ерлі-зайыптылар кісі өлтірді деген күдікке ілінген – Смадияров
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лондонда кісі өлтірді деп күдікке іліккен Қазақстан азаматы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2024 жылғы 10 мамырда Лондон полициясы Қазақстан азаматы Ұлыбританияда адам өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлады. Анықталғандай, ұсталғандар ерлі-зайыптылар, әйел ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып бергеннен кейін босатылған, ал ер адам тергеліп жатыр. Біз барлық қажетті консулдық құқықтық көмекті көрсетеміз», - деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, Ұлыбританияда 37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастады деген айыппен ұсталған болатын. Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.

Серіктес жаңалықтары