Су басқан Құлсары қаласында ешкім ешкімнің мүлкін тонамаған
Қалада бір ай он күннен бері төтенше жағдай орнаған
2024 жылдың 5 сәуірінен бастап төтенше жағдай енген Құлсары қаласында тонау фактілері тіркелмеген, деп хабарлайды Azattyq ruhy Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен сілтеме жасай отырып.
Дереккөзіне сүйенсек, 5 сәуірден бастап Құлсары қаласында ұрлық немесе бұзақылық фактілері тіркелмеген.
"2024 жылғы 5 сәуірден бастап Ұлттық Ұлан гвардиясының полицейлері мен әскери қызметшілері Құлсары қаласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жедел басқару орталығының камераларының көмегімен шаһарды үздіксіз бақылап отыр. Дәлірек айтқанда, 275 полиция қызметкері мен 125 әскери қызметші күндіз-түні патрульге тартылған" - деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.