$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Менің Алтайым»: Қытайдағы қазақтар жайлы түсірілген дорама Канн фестиваліне ұсынылды

Дорама 8 бөлімнен тұрады

«Менің Алтайым»: Қытайдағы қазақтар жайлы түсірілген дорама Канн фестиваліне ұсынылды
скриншот

Қытай қазақтарының тұрмыс-тіршілігі жайлы «Менің Алтайым» дорамасы 7 мамырдан бастап Қытай Орталық телевизиясы CCTV-1 телеарнасынан көрсетілді. Дораманың алғашқы сериялары интернет желісінде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

8 сериядан тұратын туынды шыңжаңдық жазушы Ли Жюуанның «Менің Алтайым» шығармасынан алынған. Басты рөлдерде қытайлық танымал актер Ма Йили және Чжоу Иран, шыңжаңдық қандасымыз Алма және Қайрат ойнайды. Дораманың әр бөлімі 45 минуттан тұрады. 

Дорамада Солтүстік Шыңжанда тұратын адамдардың өмірі бейнеленген. Басты кейіпкер Ли Вэнсю Алтайда дүниеге келген, бірақ, ол үлкен қаладағы жазушылық мансапты армандайды. Алайда, қиындықтарға тап болған қыз туған жеріне  оралып, дүкені бар анасына көмектесуге мәжбүр. Батай есімді қазақ жігітімен танысып, Вэнсю біртіндеп туған жерлерінің сұлулығын ашады.

«Менің Алтайым» шығармасы 2010 жылы жарық көрген. Онда жазушы Ли Жюуанның анасымен бірге Алтай аймағының қазақ ауылындағы бастан кешкен оқиғалары, көркем табиғат пен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі суреттеледі.

Сондай-ақ, «Менің Алтайым» телесериалы 2024 жылғы Канн кинофестивалі Ұзақ драмалық сериалдардың байқау бөліміне ұсынылған алғашқы қытай сериалы болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚХР #қазақ-қытай