$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.05.2024, 13:52
Қоғам

«Бәріне дайын болайық»: Қазақстан Ресейден қант сұрады

Елімізде қанттың жылдық қажеттілігі 550 мың тоннаны құрайды

«Бәріне дайын болайық»: Қазақстан Ресейден қант сұрады
Фото: © istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл қант тапшылығы болмайтынын және баға өспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрдің айтуынша, елімізде қанттың қажеттілігі жылына 550 мың тоннаны құрайды. Қазір 90 мың тонна қант бар. Одан бөлек 120 мың тонна квотамен алынады. Бұл өнім мамыр айынан бастап түсе бастайды.

«Одан басқа бажсыз кіргізетін 300 мың тонна қант  бар. Сондықтан, бізге қант жетеді деп айтуға болады. Бірақ арғы күні мен Ресейдегі әріптесіммен қосымша тағы 80 мың тонна өнім жеткізу туралы сөйлестім.  Енді кім біледі, бәріне дайын болайық. Ертең жағдай әртүрлі болып кетуі мүмкін. Бірақ, биыл қант жағы 100 пайыз қамтылады деп ойлаймын», – дейді Сапаров үкіметте өткен брифингте.

Ресей тарапы Қазақстанның өтінішін қолдаған.

«Осы жұмыстарды жүргізсек, қант бағасы өседі деп ойламаймын», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан қант экспортына жаздың соңына дейін тыйым салды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қант бағасы