$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Палестинаның БҰҰ мүшелігіне өту мәселесі талқынады

Палестина 2012 жылдан бері БҰҰ-ның тұрақты бақылаушысы болып келеді 

Бүгін Палестинаның БҰҰ мүшелігіне өту мәселесі талқынады
Фото: БҰҰ

Бүгін Палестинаны БҰҰ-ның толық мүшелігіне қабылдау туралы қарар дауысқа салынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін, 18 сәуірде Палестина БҰҰ-на толық мүше болуға талпынған. Бірақ АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына вето қойды.

Анадолы агенттігінің жазуынша, бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестинаның БҰҰ-ға толық мүшелігіне берген өтінішін Қауіпсіздік Кеңесінің қайта қарауына беру үшін қарарды дауысқа салады.

Қарар жобасында «Палестина БҰҰ Жарғысының 4-бабына сәйкес БҰҰ мүше болу талаптарына сай, сондықтан БҰҰ-ға қабылдануы керек» делінген.

Сонымен бірге, құжатта Палестина халқының өзін-өзі анықтау құқығы, мемлекеттілік құқығы туралы жазылған. БҰҰ Бас хатшысына қарарды орындау үшін қажетті қадамдар жасау үнделген.

«Мүше мемлекеттер арасында алфавиттік тәртіпте отыру құқығы, Палестина мен Таяу Шығыс мәселелерінен тыс ұйымдастырылған сессияларда баяндамашы болу құқығы, топ атынан мәлімдеме жасау құқығы, ұсыныстар мен түзетулер енгізу құқығы, дауыс беруге ұсыныстар қою құқығы, Палестина делегациясының мүшелерін БҰҰ Бас Ассамблеясының комитеттеріне сайлау құқығы, БҰҰ халықаралық іс-шараларына, конференцияларға белсенді қатысу құқығы берілу керек», - делінген құжатта.

Палестина 2011 жылы БҰҰ-ға толық мүшелікке өтуге өтініш берген, бірақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен қолдау таба алмады. 2012 жылы Палестинаға БҰҰ-ның «тұрақты бақылаушысы» мәртебесі берілді.

Серіктес жаңалықтары